BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда әлемнің үздік грэпплерлері  бас қосады

Алматы, BAQ.KZ. 2, 7, 8 және 9 желтоқсан күндері Алматыда бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен Arlan Grip Selection және Азия мен Океания чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары өзара мықтыны анықтайды.

Желтоқсанның 2-і күні 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бразилиялық джиу-джитсудан жылда өтетін Arlan Grip Kids турниріне қатысса, 7-ші желтоқсан осы спорт түрінен 18-ден асқан ересектер National Pro Team-нан сайысқа түседі. Желтоқсан айының 8-і мен 9-ы күндері осы жарыс аясында 18-ден асқан әйелдер мен ерекектер грэпплингтен 2019 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпонатына жолдама үшін AIGA (әуесқойлар) мен ADCC (кәсіпқойлар) тұжырымдары бойынша бақ сынайды.

"Азия және Океания чемпионаты осымен бізде екінші рет өткізіледі. Алғашқы рет біз оны 2016 жылы ұйымдастырдық. Бірақ, осы жолы қатысатын мемлекеттер саны көбірек. Бізге тәжірибелі грэпплерлер Австралия, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай мемлекеттерінен келеді. Олардың барлығы тіркелуден өтті және де көбісі қара белбеу иегерлері. Келесі жылы өтетін әлем чемпионатына қатысуға ниет білдірген спортшылардың саны жетерлік", - дейді бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг қазақстандық федерациясының президенті Төлеген Құмаров.

Оның айтуынша 20 жыл бойы ADCC ұйымы әлем чемпионаттарын екі жылда бір рет өткізіп, бір шараға 2 миллион доллар қаржы жұмсайды. Ол чемпионаттың деңгейі өте жоғары.

"Бұл біздің спорттағы Олимпиада. Әрбір джитсерлер мен грэпплерлер осы алаңда қатысуды армандайды. Бұл жерде әлем жұлдыздарын жиі кездестіруге болады", - дейді Төлеген Құдайбергенұлы.

Өзінің сұхбатында Төлеген Құмаров 2021 жылғы әлем чемпионаты алғашқы рет Қазақстанда, жалпы ТМД елдерінде өткізілетіндігін мәлімдеді.

"Егер 2019 жылғы әлем чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында өтсе, 2021 жылы Алматыда болады. Ол ресми түрде белгіленген. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осындай әлемдік оқиға біздің елде өтеді дегенде өте қуандық. Енді әлемнің спортшылары біздің Қазақстанның әдемі жерлерін көруге асығып жүр", - деді федерация президенті.

Сондай-ақ, Төлеген Құмаров осы жақында өтетін турнирде ADCC бойынша өтетін келесі жылғы әлем чемпионатына жолдаманы тек бірінші орын алған спортшы алатындығын еске салды. Ал, оны ұтып алуға ниеттеніп отырған әлемдік спортшылардың арасында біздің елдің мықты грэпплерлері де бар.

"Біз ұйымдастырушы мемлекет болғандықтан осы жарысқа қатысатын спортшылардың санын шектемедік. Біздің елдің атынан әр аймақтан келген барлық мықты грэпплерлер күш сынасады. Олардың қатарында 2016 жылы өткен Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы Османжан Қасымов та бар. Ол сол жарысты жеңіп 2017 жылы Хельсинкиде (Финляндия) өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен болатын. Солардң барлығы да жолдама ұтып алды деп сенемін", - деп Төлеген Құмаров өз ойын білдірді.

Осы жылғы Азия және Океания чемпионатының жүлде қоры 20 мың долларды құрайды. Барлық турнирлер жоғарды да белгіленген күндері ABB Arena спорт кешенінде өтеді. Ақшалай сыйлықтардан бөлек жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Arlan Grip медалдар жиынтығына ие болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер