Әлем барысының ширек финалында күресетін балуандар кімдер? - Спорт|02 Желтоқсан 2018, 17:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әлем барысының ширек финалында күресетін балуандар кімдер?

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда «Әлем барысы» чемпионаты басталған болатын. Чемпионаттың ширек финалына шыққан балуандардың есімдері белгілі болды.

1/8 финалдық кезеңде бірінші болып боз кілемге шыққан Ресей және Әзербайжан балуандарының текетіресінде ресейлік Роман Бобиков қарсыласын санаулы секундтың ішінде алып ұрды. Сонымен бірге поляк балуаны Петр Талач ганалық Уелбек Арианы ұтса, бұдан кейін белдесуге шыққан үшінші жұп - Латвия балуаны Игорс Костинс пен тәжік Дадахан Курбоналиевтің күресі соңғы балуанның жеңісімен аяқталды.

Көпшілік күткен кездесулердің бірі ирандық балуан Жафар Пахлеванижагхаргх пен қазақ балуаны Ерсұлтан Мұзафаровтың күресі еді. Шын мықтылардың текетіресі кезінде қазақ балуаны өзінен алпыс келі артық ирандықтан айласын асырды.

Бұдан соң Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан) пен армян балуаны Акоб Аракелянның күресі армян балуанының жеңілісімен аяқталды. Айбек Нұғымаров болса литвалық балуанды таза жеңсе, чехиялық Лукаш Главачек пен Гурам Тушишвилидің (Грузия) белдесуінде грузиялықтың айы оңынан туды.

1/8 финалдық кезеңнің ең соңғы кездесуінде Танель Карро (Эстония) мен Айбат Сейтен шығып, тартысты белдесуде қазақ балуаны жеңіс туын желбіретті.

Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан бес балуанның екеуі - Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов жарыс жолынан шығып қалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер