BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіруден чемпионат өтеді

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Жарысқа жүзден аса спортшы қатысады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

20-21 желтоқсанда «Алау» мұз айдыны сарайында жастар арасында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының Кубогі, ал ересектер арасында аталмыш спорт түрінен ел чемпионаты өтеді.

Қазақстан Республикасы кубогі мен чемпионаты – мұз айдыны сарайы базасында спорттың аталмыш түрімен кәсіби деңгейде айналысатын спортшылар арасында өтетін жылдың финалдық жарыстары. Спорттық шараның ашылу рәсімі 20 желтоқсандағы сағат 11:00-ге белгіленді. Кіру – тегін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
27 Желтоқсан 2018, 12:48
Семейде мұз сарайы салынады
Пікірлер