Бейбіт Шүменов 21 миллионның торты туралы: Мен тәтті жемеймін - Спорт|29 Қаңтар 2018, 18:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бейбіт Шүменов 21 миллионның торты туралы: Мен тәтті жемеймін

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов атышулы 21 миллион тұратын торт туралы пікір білдірді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Атышулы Шымкентте өткен тойға Бейбіт Шүменовпен бірге Геннадий Головкин секілді бірқатар қазақстандық жұлдыздар қатысқан болатын. Осы орайда журналистердің бірі боксшыдан торт туралы пікірін сұрап білді.

"Мен қатаң диета ұстаймын. Маған тәтті жеуге және ұннан жасалған өнімдерге тыйым салынған. Бір жәй торт туралы осыншама әңгімені не үшін айтатынын түсінбеймін. Сейітжановты жақсы танимын. Ол xалық үшін қаншама мектеп салды, адамдарға жақсылық жасайды. Ол мұны адамдар білсін деп жариялап жатпайды. Халқына жақын және оларға көмектесетін мұндай адамдарды бағалау керек деп ойлаймын", - деді Бейбіт Шүменов.

Еске сала кетсек, ол бүгін кәсіпқой боксқа қайта оралатынын ресми түрде мәлімдеп, алдағы жоспарларын бөліскен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер