BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылдың үздік боксшылары анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан бокс федерациясы дәстүр бойынша жылдың қортындысын жасап, 2018 жылы жоғары нәтиже көрсеткен үздік боксшы, бапкер, қазыларды атады. Бұл жайында аталған федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Теміртас Жүсіпов жылдың үздік боксшысы деп танылды, Ақмола облысының спортшысы бес мәрте ел чемпионатын ұтқан.

Әйелдер арасындағы үздік боксшы деп Жайна Шекербекованы атады, Шымкент командасының өкілі осы жылы в Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында күміс алқаға қол жеткізген.

Жастар арасындағы аталымда бірден екі жеңімпаздың есімі аталды, олар ағайынды Оралбайлар. Балалар Олимпиада ойындарының жеңімпазы Айбек және жастар арасында өткен әлем чемпионатының чемпионы Нұрбек.

Сондай-ақ марапатқа ие болған қыздар арасында Жастар олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец және 2018 жылы әлем чемпионы, Азия чемпионы атанған Дина Исламбек бар.

Үздік бапкер атанғандар қатарында Ақмола облысынан Қуанышпай Көкішев бар, ол Теміртас Жүсіповтің жеке бапкері, жастар құрамасының бапкері Ғалымбек Кенжебаев, сондай-ақ ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаев бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер