2018 жылдың мамырында Шучье қаласында шаңғы трамплині іске қосылады - Спорт|25 Қаңтар 2018, 13:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2018 жылдың мамырында Шучье қаласында шаңғы трамплині іске қосылады

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Шучье қаласындағы шаңғы спорты республикалық базасының құрылысы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Бұл спортты дамытуға арналған әлемдік деңгейдегі ерекше орталық болады. Ол жерде республикалық спорт мектебі ашылады. 2018 жылдың екінші тоқсанында құрылыс аяқталады. Менің ойымша, мамыр-маусым айында нысанды пайдалануға береміз», - деді министр үкіметтің клуарында.

Министр трамплиннің құрылысына қатысты барлық ұсыныс қарастырылғанын жеткізді.

«Бұл нысан халықаралық кластағы ірі мамандардың қатысуымен салынып жатыр және мұнда халықаралық қысқы спорт түрлеріне тікелей жауапты мамандар келді. Әрине, олардың ұсынысы мен шешіміне сәйкес салып жатырмыз. Халықаралық олимпиада комитетінің, халықаралық федерациялар комитетінің өкілдері құрылыс жоспарына жоғары баға берді», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер