16 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
16 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорттық шараға қатысуға Қазақстаннан және Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет білдірген. Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды, ал оның 320-сы – шетелдік агенттер. Марафон қашықтығының бағытын IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған.
«Astana Marathon-2018» жасы 18-ден асқан қатысушыларға 42.2 км, ал 16 және одан жоғары жастағыларға 10 км қашықтықты бағындыруды ұсынады. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады.
Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеуден өту қажет. Марафонға қатысу құны 42.2 км дистанцияға – 8000 теңге, 10 км-ге – 4000 теңге. Қалыптасқан дәстүр бойынша жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталады. Марафон 16 қыркүйек, жексенбі күні сағат 07:00 мен сағат 13:00 аралығында өтеді.
Қатысушылар жиналатын орын: Рысқұлов к-сінің Түркістан к-сімен қиылысы, Р4 тұрағы (ЭКСПО-а қарсы) таңғы сағат 06:00-де.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!