«Зың-зың», «Жоқ, жоқ». Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейіп кеткеніне қынжылды - Шоу-бизнес|24 Қазан 2017, 13:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Зың-зың», «Жоқ, жоқ». Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейіп кеткеніне қынжылды

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейгенін айтып, кейбір әріптестерін сынға алды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақ эстрадасын қалыптастыру жолында біраз еңбек етіп келе жатқан әншілерміз. Қазақ эстрадасы енді қалыптасып, жастар біздің артымыздан жақсы бір әуенмен еріп келе жатыр еді. Аяқ астынан осындай Еуропаның музыкасы қаптады, Африканың музыкасы ма, құдай-ау. Қара нәсілділердің ритмін алады. Оған қоса қазақша сөздерді қосады, қалай-болса солай, мән-мағынасы жоқ... Не өлең енді анау «зың-зың», «дың-дың», «дым-дым» дей ме... «Жоқ-жоқ» не ән бұл? Ол ұрпақты неге тәрбиелейді. Біздің ұлы ақындарымыздың өлең-сөздері, Тұманбай ағамыз, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Исраил Сапарбаев, Қадыр Мырза Әлиев... көп қой енді. Сол кісілердің өлең жолдары қайда қалды. Қайда қалды?», - деп Мақпал Жүнісова қынжылысын жеткізді.

Еске сала кетейік, жақында «Зың-зың» әнінің авторы кім екені белгілі болды.

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер