Төреғали Төреәлі айтысқа арнайы жүлде тікті - Шоу-бизнес|30 Желтоқсан 2017, 21:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Төреғали Төреәлі айтысқа арнайы жүлде тікті

Кеше ғана Павлодардағы ән кешінде елді шулатқан әнші Төреғали Төреәлі Алматыдағы жыл қорытындысы айтысында елден кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айтыстың ашылу салтанатына келген Төреғали Төреәлінің ел алдында ән айту, айтпауын сұраған Жүрсін Ерманның сөзіне халық екі жарылды. Дегенмен Төреғалидың «Айтыс» атты әнімен биылғы жылдың қорытынды айтысы ашылды.

Сахнаға шыққан «Ұлы дала баласы» өткенде жіберген қателігі үшін кешірім сұрап, екі күнге жалғасқан айтыстың жабылуында да ән шырқады.

Ел алдындағы әбестігін жуып-шайғысы келді ме, Төреғали Төреәлі 300 мың теңге тұратын жүлдені өзінің замандасы, «Алтын домбыра» иегері павлодарлық айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаевқа берді.

#АЙТЫС

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер