BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тағы бір жұлдызды жұп айырылысты

Фото: Soulpost

Америкалық актерлер Бен Аффлек пен Дженнифер Гарнер ажырасу туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

Жұлдыздар Гарнердің үйінде адвокаттың қатысуымен қажетті құжаттарға қол қойған. Неке ресми түрде толығымен бұзылуы үшін бұл құжаттар сотқа жолдануы тиіс. Бұл іс жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Аффлек пен Гарнер 2005 жылы үйленген болатын. Арада он жыл өткен соң жұлдызды жұп ажырасу туралы шешім қабылдап, екеуіне ортақ үш баланы бірге тәрбиелеу жқнінде келісті.

БАҚ ақпаратына сәйкес, отбасының ойран болуына Аффлектің ішімдікке әуестенуі себепші болған. Сонымен қатар, жақында ғана Бен Аффлек алкогольдік тәуелділігін мойындап, қазіргі уақытта клиникалардың біріне ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер