Селфиді Бритни Спирс екеуіміз ойлап тапқанбыз - Пэрис Хилтон - Шоу-бизнес|21 Қараша 2017, 14:44
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Селфиді Бритни Спирс екеуіміз ойлап тапқанбыз - Пэрис Хилтон

Танымал актриса әрі модель Пэрис Хилтон селфи идеясының өзіне тиесілі екенін айтып жатыр, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі модельдің твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Пэрис Хилтон твиттердегі парақшасында танымал әнші Бритни Спирспен түскен суретін бөлісіп, селфи идеясының өзіне тиесілі екенін айтып өтті. Қос құрбы бұл суретке 2006 жылы түскен екен.

«Бритни екеуіміз селфиді осыдан 11 жыл бұрын ойлап тапқанбыз», - деп жазады модель суреттің тұсына.

Пэристің бұл сөздері желі қолданушыларының ашуына тисе керек. Олар модельге танымал адамдардың бұрынырақ түсірілген суреттерін жарыса жолдап жатыр. Олардың ішінде 1985 жылы түскен Мадоннаның селфиі мен Пол Маккартнидың автопортреті бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер