​Сахнада құлап қалған Мақпал Жүнісова аяқ киімін шешіп тастады - Шоу-бизнес|02 Желтоқсан 2016, 12:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

​Сахнада құлап қалған Мақпал Жүнісова аяқ киімін шешіп тастады

Фото: Reactor.kz

Елдің еркесі, сүйікті әншісіне айналған Мақпал Жүнісова сахнада ән салып тұрып құлап қалды. Бұны әншінің өзі желіге жазып, видеосын жүктеген.

«Бүгін киелі сахнада аяқ астынан құлап қалдым. Құдай оңдап орнымнан жеңіл тұрдым. Аллаға мың шүкір», - деп жазған.

Биік өкшесі сынып құлағаны, я сүрініп құлағаны белгісіз. Өзі дін аман. Бәрінен бұрын, өнер майталманының орындап тұрған әнін үзбей, жерде отырып ән салып, аяқ киімін шешіп тастағаны қызық болды. Жалаңаяқ орнынан тұрған соң сол күйі әрі қарай әнін шырқаған. Желі қолданушылары ешбір саспастан, емін-еркін билеп, ән салған бұл қылығын елдің ерке қызына жарасар қылық санап, тілектестік білдіріп жатыр.

Бүгін киелі саxынада аяқ астынан құлап қалдым, құдай оңдап орнымнан жеңіл тұрдым, Аллаға мың шүкір.

Видео опубликовано Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

reactor.inform.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер