Мұxаммед Әлидің қызы Димаштың мерейін бір көтеріп тастады - Шоу-бизнес|30 Наурыз 2017, 12:43
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұxаммед Әлидің қызы Димаштың мерейін бір көтеріп тастады

Мұxаммед Әлидің қызы Ләйла инстаграмдағы парақшасының аватарына Димаш Құдайбергеннің суретін қойды, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы әншінің досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шаримов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мұxаммед Әлидің қызы Ләйла Әли бір сағатқа өз аватарындағы ресми профайлға қазақ баласы Димаштың суретін қойды!!! Раxмет, Ләйла, қолдауыңызға!!!», - деп жазған ол.

Айта кетсек, Лейла Амария Әли әлі жеңіліп көрмеген америкалық кәсіпқой боксшы. Мұхаммед Әлидің үшінші әйелі Вероника Поршеден туған қызы. Кәсіпқой бокста 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 21 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Қытайдың Singer ән байқауы арқылы төрткүл дүниеге танылған қазақ баласы Димаш аз уақыт ішінде көптің жүрегін жаулады. Күні кеше әншінің суреті Нью-Йорктегі ең үлкен LED-экранға шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Қыркүйек 2017, 09:19
Ақтөбеге Димаш келді
Пікірлер