Меруерт Түсіпбаева: Өзгенің өмірін талқылаймын деп, өз өмірлеріңіз еш кетпесін - Шоу-бизнес|12 Қаңтар 2017, 10:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Меруерт Түсіпбаева: Өзгенің өмірін талқылаймын деп, өз өмірлеріңіз еш кетпесін

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева инстаграмда бос уақыт өткізгенше, спортпен шұғылданып, тіл үйренуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Достар, барлықтарыңызға сәлем жолдаймын. Өзгенің өмірін талқылаймын деп, өз өмірлеріңіз еш кетпесін. Уақыттарыңызды жоғалтпаңыздар. Инстаграмда отырғанша, спортпен айналысып, тіл үйреніңіздер», - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева дизайнер әрі продюсер Жадыра Сахиеваға (Жадо) «білімсіз әрі семіз» деп тіл тигізген болатын. Осы бір ауыр сөздердің соңы сотқа дейін жеткен еді. Әншінің қорлық сөзін көтере алмаған Жадо Меруерттің үстінен арыз жазып, сотқа жүгінді. Бірақ 22 желтоқсанға белгіленген алғашқы сот отырысына Меруерт Түсіпбаева келмей қалғандықтан отырыс 10 қаңтарға қалдырылған болатын. Бірақ, әнші 10 қаңтарда өткен отырысқа да келмеген болатын.

Әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның арасындағы сот отырысы 18 қаңтарға қалдырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер