BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазір өзі «левыйдың» заманы – Тұрсынбек Қабатов

Белгілі сықақшы, Астана қалалық көңілді тапқырлар театрының («Әзіл әлемі») директоры Тұрсынбек Қабатов жақында көрермендерге ұсынған кезекті концерттік бағдарламасында тұрмыстағы көптеген ащы шындықты айтып,көрерменге күлкі сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Үлкендер бала кезден «Үйге оң аяғыңмен кір», «Оң қолыңмен тамақ іш» деп тәрбиелейді. Сол қолыңмен ішіп жатсаң ұрысады. Біреуді жұмысқа тұрғызып жатсаң, «Оң көзіңді салып қоясың ғой» деп өтініш айтады. Бір жақсысы, барлығы оңынан. Ал бірақ өсіп, жігіт болып, жұмысқа кірген уақытта «левыйды» ойлап тұрасың. Қазақ ешқашан жалақы үшін жұмысқа кірмейді. Жұмыстың жалақысы 50 мың теңге десе, «левый тірліктер» болатын шығар деп, жарайды деп келісеміз. Сондықтан «левыйға» қарай тартып тұрады. Мидың өзі де оң жаққа қарағанда, сол жақта қатты істейді екен. Бұрында хандардың өзінде Оң қол деген болған. Сол қол жоқ. Ал қазір оң қол да, сол қол да бар. Оң қол «ресми орынбасары», сол қол «левый тірліктермен» айналысатын адам. Бірақ ол көрінбейді. Астананың өзінде оң жағалауға қарағанда, сол жағалауда тұрғымыз келеді», - деп әзілдейді Тұрсынбек Қабатов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер