Астана, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі әнші Димаш Құдайберген өнер жолындағы мақсаты қазақтың ұлы тұлғалары шығарған тың дүниелерді насихаттау екенін айтты.


Астана, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі әнші Димаш Құдайберген өнер жолындағы мақсаты қазақтың ұлы тұлғалары шығарған тың дүниелерді насихаттау екенін айтты.
«Концертке дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Мен шетелде жүрген кезде міндетті түрде қазақтың халық әндері орындалады. Кіндік қаным тамған жерде қазақтың ұлы тұлғалары тың дүниелерді жарыққа шығарды, ал, біз, әншілер мүмкіндігінше ол туындыларды насихаттауға тырысуымыз керек. Менің басты мақсатым осы. Сондықтан Лондонда қазақтың халық әндері көптеп шырқалатынын болады. Жаңа әндер шығарылды. Оның құпиясын сіздерге толық ашқым келмейді. Өйткені, оны концертте көрермендер бірінші тыңдаса деймін», - деді Димаш Құдайберген.
Еске сала кетсек, Лондонда 19 қараша күні Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Ол концертте 30-ға жуық ән шырқайды. Мәдениет және спорт миниистрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, сатылымға шыққан билеттердің бәрі сатылып кеткен.
Сондай-ақ ол бүгінгі кездесуде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы естеліктерімен бөлісті.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!