Қарақат Әбілдина «інісі бардың етегін түріп» ұятқа қалды - Шоу-бизнес|22 Ақпан 2017, 17:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарақат Әбілдина «інісі бардың етегін түріп» ұятқа қалды

00:00 / 3:06

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әнші Қарақат Әбілдина Алтынбек Қоразбаевтың «Елге сәлем» әнін сахнада орындап, сөздерін шатастырып алған. Бұл туралы Нұртас Жұма Бек есімді әлеуметтік желі қолданушысы жазады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сауатсыздықты жалпылаған жаяудан көрген бір басқа. Ел алдында жүрген бүгінгінің аспандағы жұлдыздардан жарығын артығырақ көретін жұлдыз сымақтарымыз не айтып, не қойғанын өздері аңдамай қалатын секілді. Төмендегі бейнероликтегі Алтекеңнің (Алтынбек Қоразбаев) «Елге сәлем» әнін шырқап тұрған Қарақат салған жерден сандырақтап тұр. Ол: «Інісі кімнің бар болса, Етегі ерте түрілер», – дейді.

Не деген сорақылық (етегі ерте түрілген, етегі ерте көтерілген) деген сөзді қай жерде қай мағынада айтыларын қолданылатынын білмегені ме сонда?

Негізгі Әбдірахман Асылбеков ағамыз жазған дұрыс нұсқасы былай болатын:

Армысың, балғын iнiлер,
Ағалап алдан жүгiрер.
Iнiсi кiмнiң бар болса,
Өнерi өрлеп, iрiлер.

Армысың, қарындастарым,
Ақ тамақ қарлығаштарым.
Сағынып келдiм сендердi,
Дарынды жалын жастарым.

Өздеріңіз байқаған боларсыздар,видеода белгілі әнші, термеші Алма Аманжолова әннің сөздерін дұрыс айтып тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер