BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Junior Eurovision-2018 : Данэлия Төлешова үшінші болып сахнаға шығады

Астана, BAQ.KZ. Минскіде 25 қарашада өтетін Junior Eurovision-2018 халықаралық байқауының финалында қатысушылардың қандай нөмірмен сахнаға шығатыны анықталды.

Байрақты додада Қазақстанның намысын Данэлия Төлешова қорғайды. Жеребе тарту рәсімінде оның үшінші нөмірде өнер көрсететіні белгілі болады.

Жеребе қорытындысы:

1. Украина

2. Португалия

3. Қазақстан

4. Албания

5. Ресей

6. Нидерланды

7. Әзербайжан

8. Беларусь

9. Ирландия

10. Сербия

11. Италия

12. Австралия

13. Грузия

14. Израиль

15. Франция

16. Македония

17. Армения

18. Уэльс

19. Мальта

20. Польша

19 қараша күні Минскідегі «БелЭкспо» көрме орталығында жеребе тарту рәсімі өтті. Осыған дейін Қазақстан орталық коммуникациялар қызметінде Данэлия Төлешова мен оның халықаралық байқауға қатысуына үлес қосып, қолдау көрсеткен «Хабар» агенттігінің өкілдері байқауға дайындық барысы қалай жүріп жатқандығы және байқау шарттары туралы айтты.

Балалар байқауының финалы 25 қараша күні Астана уақытымен 21.00-де басталады. Көрермендер 23 қарашадан 25 қарашаға дейін Junioreurovision.tv сайтында қатысушыларға дауыс бере алады. Көрермендерге 5 елге дауыс беру құқығы беріледі. Соның ішінде Қазақстан да бар. Дауыс беру нәтидесі гранд-финал трансляциясы кезінде жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер