Екі қазақстандық Ресейдің үздік рэперлер ондығына енді - Шоу-бизнес|23 Қараша 2017, 09:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екі қазақстандық Ресейдің үздік рэперлер ондығына енді

Қазақстандық Jah пен Скриптонит Ресейдік ең үздік 10 рэпері тізіміне енді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rapking.xyz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сайтта ресейлік рэперлердің твиттер, инстаграм және вконтакте желілеріндегі тіркелушілері туралы мәлімет сақталады. Мұнымен қатар, күн сайын ең үздік 50 рэпердің тізімі жасалады.

Сайт құрушысы Александр Сабов The-Flow басылымына берген сұхбатында жастардың қандай деңгейде өнер көрсетіп жүргендерін білгісі келетінін айтқан. Рейтинг жасау кезінде Youtube желісіндегі тіркелушілер саны ескерілмейді. Себебі, көптеген рэпердің бұл желіде жеке каналдары жоқ. Мұнымен қатар, бейнебаян түсірмейтін рэперлер де бар.

11 және 14-орындар аралығы Face, Pharaoh, Макс Корж бен Noize MC сынды өнерпаздарға бұйырған. Гной 22- орыннан көрінсе, «Каста» тобы 27-орында тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер