Димаш Құдайберген Қытайда жылдың үздік әншісі атанды - Шоу-бизнес|03 Желтоқсан 2017, 16:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаш Құдайберген Қытайда жылдың үздік әншісі атанды

Димаш Құдайберген Қытайда ең үздік әншіге берілетін «IQIYI awards» марапатына ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып әншінің өзі бөлісті. «Армандар орындалады! «IQIYI awards» таңдауымен биылғы жылдың ең үздік әншісі атандым. Жанкүйерлерім, отандастарым және шара ұйымдастырушыларына алғысым шексіз! Сіздерді жақсы көремін!» деп жазады Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген Гонконгта жылдың үздік әншісі марапатына ие болған. Мұнымен қатар, ол MTV Music Awards, Asian Music GaLa сынды жүлделерге қол жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер