Димаш Құдайберген әлемдік турнеге қатысады - Шоу-бизнес|16 Қараша 2017, 21:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаш Құдайберген әлемдік турнеге қатысады

Фото: скриншот

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алғаш рет әлемдік турнеге аттанбақ. Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай Құнанбайұлы)
Армандар орындалады. Менің алғашқы əлемдік турнемде жүздескенше достар! Қолдауларыңызға рахмет!" - деп жазады жас әнші өз парақшасында.

Қытайдағы «I'm a singer» жобасы арқылы әлемге танымал болған қазақстандық әншінің бұл алғашқы турнесі. Әншінің жазбасына пікір білдірген жанкүйерлері оған сәттілік тілеп, жеңіспен оралуын асыға күтетіндіктерін жеткізіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер