Алматылық Данэлия Тулешова Украинадағы «Бала дауысы» жобасының келесі кезеңіне өтті - Шоу-бизнес|04 Желтоқсан 2017, 15:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматылық Данэлия Тулешова Украинадағы «Бала дауысы» жобасының келесі кезеңіне өтті

Фото: Персона

Шоу ережесіне сәйкес, топта үш әнші өнер көрсетсе де, олардың біреуі ғана келесі кезеңге өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «24 арнаға» сілтеме жасап.

Украинаның «Бала дауысы» жобасында алматылық Данэлия Тулешова, Кристина Хуковская және Касиния Бойко бірігіп өнер көрсетті. Жобаның әділқазы алқалары қазақстандық Данэлия Тулешованы келесі кезеңге өткізді.

«1+1» каналы көрсететін украиналық «Балалар дауысы» жобасы төртінші маусымының бесінші бөлімі көрермендерге жол тартты. Жұлдыз жаттықтырушылар командаларын жасақтап алғандықтан, қазір вокал сайысы өтіп жатыр.

«MONATIK командасындағы үш мықты әнші бір топта өнер көрсетті. Олар Кристина Хуковская, Данэлия Тулешова және Касиния Бойко. Қыздар достасып, әнді сәтті орындап шықты. Могилевская алматылық жасөспірімнің өзін таңғалдырғанын айтса, Надя Дорофеева өз дауысын Кристинаға берді. Ал MONATIK жобада Данэлия Тулешованы қалдыруды жөн көрді», деп хабарлайды телеарна.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер