BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баян Мақсатқызы KeshYou тобының жаңа солисін таныстырды

Фото: Әлеуметтік желіден

Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында KeshYou тобының жаңа солисін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда KeshYou тобынан Элизат Берікова кетіп, құрамы жаңа әншімен толықты. Естеріңізге сала кетсек, әншінің тұрмысқа шығатыны туралы хабар тараған еді. Баян Мақсатқызы бұл ақпаратты да растады.

«Келіп, кетіп жатқан солистерге қатысты пікір білдіріп, әйелдердің тағдыры туралы жазбаларды бөлісуден шаршадым. Әсіресе, өзімнің жағдайым туралы. Бізге талантты, 17 жастағы Ақбота қосылды. Ол жуырда тұрмысқа шығатын Элизатты алмастырды. Мен оған отбасылық бақыт тілеймін. Ал Ақботаға шығармашылық табыс тілеймін. Еңбекқор Ақбота Құрманәлі, біздің топқа қош келдің», - деп жазды продюсер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер