BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әміре «Славян базары» туралы: Қазылар жеңісті бірдей ұпай алған румыниялыққа берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық өнер байқауында 1-орын алған «Әміре» лақап атымен өнер көрсеткен қазақстандық Ернар Садырбаев журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрметті қазақстандықтар, ең бірінші сіздерге алғыс айтамын, қолдауларыңызға рахмет. Сіздердің тілектеріңіз бен баталарыңыздың көп көмегі тиді. «Славян базарында» барынша тырыстық, ешкімнен кем ұпай алған жоқпыз. Екі күн бойы бірінші қатарда тұрдық. Қалғаны әділ қазылардың шешімі болды», - деді Әміре.

Сондай-ақ, конкурсант өзінің лайық өнер көрсеткенін, өзі үшін ең бірінші халықтың пікірі маңызды екенін айтты.

«Жеңіс тым жақын тұрды. Ең бастысы лайық өнер көрсеттім. Ал жеңіс қазылардың таңдауы, себебі румыниялық әншімен ұпайымыз бір болды. Қолымнан келгенін жасадым, бірақ осылай болу тиіс болған шығар. Ең бастысы мен үшін – халықтың пікірі, сол кісілердің көңілі», - деді ол.

Еске сала кетсек, «Славян базарында» қазақстандық әнші Әміре мен Румыния елінен келген Марчел Рошка екеуі бірдей 156 ұпай алып, қазылар байқаудың Гран-при жүлдесін Рошкаға беру шешімін қабылдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер