Америкалық қыз қазақша ән айтып, жұртты таңғалдырды - Шоу-бизнес|22 Қазан 2017, 14:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Америкалық қыз қазақша ән айтып, жұртты таңғалдырды

Америкалық қыз қазақша ән айтып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық продюсер Тимур Балымбетов Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін АҚШ-тағы Оңтүстік Каролина тұрғыны Эбби Гилбортпен бірге орындаған видеосын Instagram-да жариялады.

«Еркешка, американдықтарға да осылай «Есмаxан» әдісімен қазақ тілін үйретіп жүрміз! Әбби қызымыз АҚШ-тан, арнайы сөзін жаттап қосылды осы дуэтке . Клесі клип шыққасын «KZ жігіттері» туралы да айтып кетер», - деп жазған продюсер.

Желі қолданушылары болса Эббидің қазақша әнді оп-оңай орындап тұрғанына сүйсінуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмаханның «Қайда?» бейнебаяны 30 млн рет қаралып, рекорд орнатқан болатын.

Публикация от Тимур Балымбетов (@balukz)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер