BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауы өтеді

Қыркүйектің 26 күні Алматы қаласында «Жандану әлемі» Қорының ұйымдастыруымен өтетін Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық «Бөбек» орталығы еліміздің ең дарынды балаларын қарсы алады.

8 және 12 жас аралығындағы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 19 финалист «Бала дауысы-2018» байқауының Гранд – финалына дайындығын бастайды. Жас ерекшеліктеріне қарамастан, олардың әрқайсысы өз аймағын және қаласын танытып қана қоймай, еліміздің ең жарқын дауысы атану үшін бақ сынасады. «Жұлдызды үй» кезеңінде финалистер үш концерттік бағдарламада өнер көрсетуге дайындалады. Атап айтар болсақ, «Балалық шағымның әндері», «Туған жердің әндері», «Әлем хиттары».

Финалисттерге әр түрлі вокалдық жарыстарға қатысып, көпшілікке тәлімгер болып жүрген өз істерінің шеберлері шеберлік-сағаттар өткізеді. Сондай-ақ Жанар Дұғалова, Бейбіт Кушкалиев, Айқын Төлепберген, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Мәдина Сәдуақасова, Бауыржан Сатов пен Салтанат Бакаева сынды эстрада жұлдыздары да тәжірбиелерімен бөліседі.

Вокалдық және актерлік шеберліктер, хореография және сахна мәдениеті сабақтары - қатысушыларға миллиондаған көрермендердің жүректерін жаулап алып, арманға бір қадам жақындауға көмектеседі. Бұл сабақтардың нәтижесін 26 қазаннан бастап 1 желтоқсанға дейін әр жұма, сенбі және жексенбі күндері «КТК» арнасында тамашалап көруге және бағалауға мүмкіндік береді. Телекөрермендер «Халық сүйіктісі» арнайы сый иегерін анықтайды, ал 8-ші желтоқсан күні қазылар алқасы Ұлттық Өнер Академиясының оқу грантын және Диснейлендке жолдама алатын «Бала дауысы» III маусымының жеңімпазын атайды. Әр финалист байқау қорытындысына қарамастан арнайы жасалған сиқырлы нота мен ұйымдастырушылардың арнайы сыйлықтарына ие болады.

Аатлған шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен және Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының ұйымдастыруымен өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер