«Әлем аруы 2017» байқауында қазақстандық ару қалыңдық образында шықты - Шоу-бизнес|27 Қараша 2017, 10:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Әлем аруы 2017» байқауында қазақстандық ару қалыңдық образында шықты

Лас-Вегас қаласында өткен «Әлем аруы 2017» байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Камила Асилова әділ қазылар алқасына қазақтың ұлттық киімін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

19 жастағы қазақстандық ару көйлек, сәукеле киіп қалыңдық образында шыққан екен. Камилаға киімді отандық дизайнер Мәлика Усупова дайындаған.

«Әлем аруы 2017» конкурсының трансляциясы Астана уақытымен 27 қараша күні таңғы сағат 06:00-де болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлем аруы-2017» байқауының жеңімпазы Оңтүстік Африка республикасының таныстырушысы Деми-Ли Нел-Питерс болған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер