BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында «The NOMADS» экстремалды реалити-шоуы түсіріледі

Ақмола облысында экстремалды реалити-шоу түсірілімі басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының дерегі бойынша түсірілім Сандықтау ауданының орталығы Балкашино аулының маңында жүзеге асырылмақ. Онда киіз үйлер ауылын салу жоспарланған. Қазіргі таңда, бұл жерде тұңғыш халықаралық, экстремалды «The NOMADS» реалити-шоуын түсіру үшін арнайы қалашықтың құрылысы жүргізілуде.

Жобаны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Kazakh TV» және «Хабар агенттігі» АҚ тапсырмасымен «Тенгри Плюс IS» ЖШС жүзеге асырады. Сонымен қатар, жобаға Ақмола облысы мен Сандықтау ауданының әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

«Елімізде мұндай ауқымды жоба осыған дейін болған емес.Бұл телевизиялық жобаға әр елден жиналған екі команда 5 миллион теңге ақшалай сыйақыға таластын болады», - деді жобаның авторы және бас продюссері Елена Гомер.

Жобаның режиссері мәскеулік Кирилл Кузин. Ол «Война полов», «Лондонград. Знай наших» (2015 год), «Залетчики» (2014 год), «Самый лучший фильм 3-ДЭ» (2011год), «Клуб» (2006 - 2009 гг.), «Самый лучший фильм» (2007 год), «Ледниковый период. Дети», «Comedy Woman», «Бульдог шоу», «Нереальные истории», «ЧетаПиночетов» және «Перехват» тәрізді телевизиялық жобалардың режиссері ретінде танымал.

Жобаға шетелдік кез келген мамандық иесі қатыса алады. Жоба жүргізушілері қазақстандық былғары қолғап шебері, Олимпиада чемпионы, «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының бас менеджері Бақтияр Артаев және «Kazakh TV» телеарнасының халықаралық ақпараттар және ағылшын тіліндегі жаңалықтары бөлімінің басшысы Ләззат Шатаева.

«Жобаны «Kazakh TV» телеарнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 4 құрлық, 118 ел, 600 қонақүйде 300 миллион көрермен көреді деп жоспарланған», - деді Елена Гомер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер