2017 жылдың ең табысты әншісі анықталды - Шоу-бизнес|21 Қараша 2017, 09:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2017 жылдың ең табысты әншісі анықталды

Forbes журналы 2017 жылдың ең табысты әншілерінің рейингін жасады. Көш басында биылғы жылы 105 млн доллар табыс тапқан америкалық танымал әнші Бейонсе тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл соманы Lemonade альбомын сатудан және түрлі концерттік турлардан тапқан.

Табысты әншілердің екінші орынынан көрінген 29 жастағы британдық Adeleнің табысы 69 млн доллардан асқан. Adele бұл қаржыны биылғы жылы жасаған әлемдік деңгейдегі ән кештерінен жинаған.

Өткен жылы ғана осы көштің басында тұрған Тейлор Свифт биыл үшінші орынға сырғыды. 44 млн доллар тапқан америкалық орындаушының биыл жолы болмаған секілді. Дегенмен рейтинг жасаушылардың болжамы бойынша 27 жастағы поп-жұлдыз алдағы жылы өз қаржысын көбейтетін болады. Оған себеп әншінің жаңадан жазылып жатқан альбомы мен 2018 жылға жоспарланған концерттік турлары болмақ.

Ал рейтингтің алғашқы ондығын түйіндеген келесі әншілер - Селин Дион ($42 млн), Дженнифер Лопес ($38 млн), Долли Партон ($37 млн), Рианна ($36 млн), Бритни Спирс ($34 млн) және Барбара Стрейзенд ($30 млн).

Рейтинг жасау кезінде орындаушылардың өткен 2016 жылдың 1 шілдесінен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта тапқан табыстары есептелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер