BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақан серінің домбырасы бір ғасырдан соң қайта күмбірледі

Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарының музейінде ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасымен алғаш рет күмбірлеп күй шертілді. Қазақтың халық ақынының ғасырлық тарихы бар музыка аспабын Мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Музейде өткен Ақан серіге арналған шығармашылық кеште Ерлан Төлеутай Ақан серінің домбырасымен «Сырымбетті» күмбірлетті. Сондай-ақ, дәстүрлі музыка өнерінің өкілдері ақынның «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Балқадиша» және басқа да әндерін орындады. Алматының «Қала күні» аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері мен жастар жиналды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жеке мәдениетіміз бен ұлттық кодты сақтауға үлкен мән берілгендігін, ал бұл еліміздің мәдени жетістіктерін бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қазақ халқының мәдени- рухани мұрасы қайта жаңғыруда. Соның жарқын мысалы ретінде бүгінгі күні мұражайда 100-ден астам музыка аспаптары мен басқа да киелі заттар сақталған әрі олардың қатары жыл сайын жаңа экспонаттармен толығуда. Біз бүгін ерекше саяси оқиғаның куәсі болып отырмыз, Ықылас мұражайының қорына ұлы ақын Ақан серінің жеке домбырасы беріліп отыр», - деді Бауыржан Байбек.

Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Алматының мыңжылдық тарихы Мұражайы ашылып, 5 рет айтыс және ақындардың «Алтын домбыра» мен қазақ ұлттық спорттың «Ұлы Дала Ойындары» фестивальдері өтті.

Ақан сері – қазақ ән өнеріндегі қайталанбас тұлға. Ол 1843 жылы Солүтстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қоскөл ауылында туылған, қазіргі кезде елді мекенге Ақан сері есімі берілген. Ақан сері зор даусымен, музыкаға және поэзияға деген қызығушылығымен ерекшеленетін. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосты. Ұлы ақынның өмірі туралы екі томдық роман жарық көрді, оның авторы – жазушы Сакен Жүнісов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер