Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов үндеу жариялады - Саясат|04 Мамыр 2018, 17:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов үндеу жариялады

Фото: liter.kz

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков Жақып Асановтың үшінші үндеуін таныстырды. Төрағаның бұл жолғы үндеуі үш бағанға бөлініп, негізінен сот актілерін жасау жұмыстарын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«26 сәуір күні Жоғарғы сот төрағасы әріптестеріне үшінші хат жолдады. Естеріңізге сала кетсем, осы уақытқа дейін 2017 жылдың желтоқсан айында және биыл 13 наурызда төраға екі хат жолдаған болатын. Жалпы құжат негізінен ішкі коммуникацияға арналған. Бірақ, меніңше, оны сот жұмысына қызыққан кез келген адам оқып шығуы тиіс. Сол себепті осы постты жазуға бел будым. Өз хатында Жақып Қажманұлы сот жүйесін жақсарту жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты ол үш бағанға бөлген екен – ауқымды шаралар, маңызды мәселелер және қызықтылары.

Осылардың ішінде соңғысынан бастағым келіп тұр. Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта Жоғарғы сот актілерді әзірлеуге қатысты жүйені қарқынды түрде ретке келтіріп келеді. Бұл мәселеге қатысты пленарлық отырыс 16 наурыз және 20 сәуір күндері өтті. Үш нормативтік қаулы қабылданды. Олар 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұл уақытқа дейін судьялар мен сот қызметкерлері білім деңгейлерін көтереді. Ең үздік сот актілерінің үлгісіне конкурс жарияланды. Жоғарғы сот төрағасы бұл мәселенің маңызды екеніне тағы да назар аударды. «Әріптестер, сот жүйесі ғана әзірлейтін жалғыз «өнім» - сот актісі. Көп нәрсе соның сапасымен тікелей байланысты. Шешім қабылдау кезінде қателесуге құқығымыз жоқ», - дейді ол.

Жақсы статистикалық көрсеткіштер келтірілді. Күн сайын республика соты 12 мың үкім және шешім шығарады. Егер бір істе кемінде екі адам бар деп есептесек, бұл актілер 24 мың адамның өміріне қатысты деген сөз. Солардың әрқайсысы сот жүйесіндегі олқылықтардың түзетілгені туралы отбасыларына айтатын болса, бұған кемінде күн сайын 100 мың адамның көзі жетіп отыратын еді. Бұл санды 230 жұмыс күніне көбейтер болсақ, миллиондаған адам соттың жұмысын бақылап, жаңалықтарды естіп отырады», - дейді Болат Кальянбеков.

Әрі қарай хатшы екінші және үшінші бағыттағы жұмыстарға тоқталып өтті.

«Енді екінші баған – маңызды істер туралы айтайын. Үндеуде сот жүйесі үшін маңызды орынды сол жерде жұмыс істейтіндер алатыны туралы жазылған. «Біз әр әріптесімізді әділеттіліктің сапасын ойлайтын, сот қызметтерінің жүйесін көтеруді, соттың имиджі үшін жан беретін азамат ретінде көреміз», - деп атап өтті Ж. Асанов. Ол әр қызметкер мен судьялардан өзінің жұмыс орнына қарапайым келушінің көзімен қарауды сұрады. Өздеріңе қарапайым сұрақтарға жауап беріңіздер. Ғимаратта оларға ыңғайлы ма? Неден қорқады? Құжат түсінікті ме? Оларға қызмет сыпайы түрде көрсетіле ме?

Ол сотта құрмет пен сенім атмосферасын қалыптастыруды, оның ішінде сот «өнімдеріне» - сот актілеріне, шағымдарға қайтарылған жауаптарға, стильге және тілдесу тіліне сенімділікті қалыптастыруды сұрады. Үшінші блокта – үш бағыт бойынша жүргізілген жұмыс туралы айтылды – «Әділеттіліктің жеті тасы», «2018 жылға жедел нәтижелер» және «Сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы». «Әділеттіліктің жеті тасы» бойынша инициализация және жоспарлау кезеңі аяқталды. Жобалық құжаттар бекітілді және оларды бағдарлама командаларымен жүзеге асыру басталды», - деп жазды Болат Кальянбеков.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы сот жүйесінде басымдылық берілетін бағдарламаларға тоқталды.

«Жедел нәтижелер» бойынша басымдылық берілген бағдарламалар тізімі бекітілді, олардың шешімі жақын арада қолжетімді болады. Атауы да осыдан шықты. Олардың әр қайсысына ЖС судьялары бекітілген. Бүгінде 37 тақырыптың 9 жүктелді. Тізім болашақта толығуы мүмкін (міне сілтемесі: http://sud.gov.kz/kaz/priority-projects – 2018 жылға жедел нәтижелер). Айта кетейік, егер оған қатысты ұсыныстарыңыз болса, «Әділеттіліктің жеті тасы» тобында қалдырсаңыздар болады.

«Сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы» қазақстандық әділеттілікті дамытудың болашақ көрінісін береді. ОЛ стратегиялық жоспарлар мен Елбасының тапсырмаларын ескере отырып жасалады – Рухани жаңғыру, Ұлт жоспары, Цифрлық Қазақстан, Стратегия – 2025, 2050 және басқалар. Кешірек Тұжырымдама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылатын болады. Жақып Асанов өз үндеуінің соңында барлық әріптесін алдағы мамыр айындағы мейрамдармен құттықтады», - деп қорытты хатшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер