BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Түрікменстандағы қазақтар саны 1990 жылдан бері 6 есе азайды

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түрікменстандағы этникалық қазақтардың саны «табиғи себептерге», оның ішінде тарихи отанына көшуіне байланысты азайғанын айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі azattyq.org басылымына сілтеме жасап.

«Қолда бар мәліметке қарағанда, қазір Түрікменстанда 20 мыңға тарта этникалық қазақ тұрады», - деді Әбдірахманов Астанада Парламент Сенатында өткен кездесуде.

«Салыстырып айтар болсақ, 1990 жылғы статистика бойынша сол кезде олардың саны 120 мыңға жуық болған. Этникалық қазақтардың көпшілігі Түрікменстан азаматы болып саналады», - деді министр.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда үш мыңға тарта түрікмен бар. Олар негізінен Түрікменстанмен шекаралас Маңғыстау облысында тұрады.

Екі ел арасындағы келісімге сай, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары Түрікменстанның Балкан уәлаятында бес күнге дейін визасыз жүре алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер