BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында талқыланатын мәселелер белгілі болды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров 2 қарашада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтетінін айтты.

2 қарашада Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

«2 қарашада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Онда ТМД Үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, сондай-ақ мәдениет пен қаржы саласындағы өзара іс-әрекеттің көкейкесті мәселелерін қарастырады. Отырыс қорытындысы бойынша ядролық апат болған жағдайда дайындықты қамтамасыз етуге, салықтық-әкімшілік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен қызметті жүзеге асыруға, жылжымалы ұялы байланыс жүйесін дамыту және пайдаланудағы ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар халықаралық шартқа қол қою күтілуде», - деді Айбек Смадиров.


Сонымен қатар, СІМ өкілі Батыс Сахарадағы референдум миссиясында жүрген қазақстандық үш әскери қызметкер елге оралатынын және Астанаға РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев ресми сапармен келетінін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер