BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Петербургте көлік ішінде қайтыс болған адамның азаматтығы тексеріліп жатыр – СІМ 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Санкт-Петербургте КАМАЗ көлігінде қайтыс болған ер адамның Қазақстанның азаматы ма, әлде жоқпа екені тексеріліп жатқанын айтты.

«Санкт-Петербургтегі бас консулдық қызметкерлері ақпаратты тексеріп жатыр. Біріншіден, ол кісінің азаматтығын тексеру керек. Егер ол Қазақстан азаматы болса, оның туыстарына көмек көрсету жағы қарастырылады. Әзірге қолда бар ақпарат осы. Қосымша ақпарат болған кезде тағы хабарлаймыз. Қазір іс тексеріліп жатыр», - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

Бұған дейін Айбек Смадияров АҚШ-тың сұранысымен ұсталған Қазақстанның 2 азаматы пікір білдірді. Сонымен қатар, ол Қытайдан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтып берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер