BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрлан Нығматулин Мәскеуге ресми сапармен барды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәскеуге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сапар барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Федералдық жиналыстың Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володинмен кездеседі деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Нығматулин Мәжіліс пен Мемлекеттік Дума арасындағы ынтымақтастық бойынша Палатааралық парламенттік комиссияның 10-шы отырысына қатысады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекеттік Думада «Қазақстан мен Ресей - мәңгілік достық!» көрмесінің ашылуы болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер