BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Мексика президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Андрес Мануэль Лопес Обрадорға Мексика Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Андрес Мануэль Лопес Обрадорды Мексика Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, достас Мексика халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

«Сіздің саяси және қоғамдық қызметтердегі мол тәжірибеңіз Мексиканың одан әрі дамып, халықаралық аренадағы беделінің нығая түсуіне зор үлес қосатынына сенімдімін.

Елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында өзара түсіністік пен тұрақтылық рухында әрі қарай дами береді деп санаймын», – делінген жеделхатта.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер