BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәулен Әшімбаев: Астана – бабаларымыздың ақиқатқа айналған армандарының жарқын көрінісі

Фото: Егемен Қазақстан

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Партия қатарын жиырмаға жуық адам толықтырған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астананың дамуына үлес қосқан тұлғалардың ішінде: Astana Hub IT-Startups Халықаралық технопарктерінің бас директоры Мағжан Мадиев, sozdik.kz ЖШС директоры Евгений Чуриков, 2016 жылғы математика пәні мұғалімдері үшін Халықаралық шығармашылық олимпиадасының жеңімпазы Абзал Оразалиев, EURASIA Building ЖШС директоры Дархан Садуақас та бар.

«Биыл халқымыздың мақтанышына айналған арман қаламыз Астананың негізі қаланғанына жиырма жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Елордамыз шағын ғана облыс орталығынан XXI ғасырда бүкіл әлем мойындаған әсем де сұлу шаһарына айналды. Астана – ата-бабаларымыздың ақиқатқа айналған армандарының жарқын көрінісі және тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын символы», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, белсенділігімен көзге түскен жастар да партия мүшелері атанды. Атап айтқанда, «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Динара Садуақасова, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Нина Павлычева және «Қазақстан жастарының конгресі» ұйымының атқарушы директоры Тоқтар Болысов нұротандықтардың сапына қосылды.

Айта кетсек, бүгінгі іс-шара барысында бірқатар партия қызметкерлері Астананың 20 жылдығына орай арнайы төс белгімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Маржан Ағыбай, тілші


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер