BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қожамжаров пен Украинаның Әділет министрлігі бірқатар келісімдерге қол қойылды

Фото: Рrokuror.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Украинаның Әділет министрі Павло Петренко қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы шарттарға қол қойды, деп жазады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған шарттар екі елдің құқық қорғау органдарына олардың әрқайсысының аумағында қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттер жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамдарды экстрадициялауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында шетелдік әріптестер Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысымен, сондай-ақ ведомствоның іске асыратын қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді цифландыру бойынша жобаларымен танысты.

Сонымен бірге министрге халықаралық ынтымақтастық саласындағы қадағалау органының қызметі туралы айтты.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау және сотталғандарды беру саласына қатысты 60-қа жуық екіжақты халықаралық шарт жасасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер