BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытай әскері «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына Қазақстан арқылы өтуде

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия» бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалу шеңберінде Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері ҚР аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына қозғалуды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына ШЫҰ-ға мүше Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылады.

«Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумақ бөлігін басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚР Қарулы Күштерінің эшелондарын а.ж. 18 тамызда оқу-жаттығудың өткізілу орнына жіберу жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер