BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қытай 90 жастағы қазақ әжені қамауға алған

Қытай Халық Республикасында ұсталған 90 жастағы әже Қазақстанға оралып, өзінің ризашылығын білдірді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз жетекшісі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Мәліметтерге сәйкес, ұлты қазақ қарт әйел Қытайдың көші-қон заңын бұзған. Сондықтан, оны қытайлық құқық қорғаушылар ұстап, бірнеше күн қамауда ұстаған.

Әнуар Жайнақов болған жағдайды өзінің Facebook-парақшасында былайша баяндайды.

«2018 жылы 29 мамырда Бейжіңде көші-қон заңнамасын бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін қарт әйел және оның ұлы ұсталған. Кейіннен анықталғандай, ол және оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған», - дейді ол.

Сонымен қатар ҚР СІМ-нің баспасөз жетекшісі Қытайдағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері аталған іске дер кезінде араласқанын айтады.

«Елшіліктің қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу хабарласты. Қазақстандықтарды ұстау себептері анықталғаннан кейін олардың Қазақстан мен Қытай елдерінің қос азаматтығы болғаны белгілі болды. Қытайлық тарап пен Қазақстан елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау шарасы тез арада рәсімделді», - дейді Әнуар Жайнақов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер