BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді - СІМ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Қытай территориясынан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтты.

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін Қытайда. Олар әртүрлі себеппен Қытайдан шыға алмай отыр. Біздің консулдар ол азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Қытай тарапымен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Қытай тарапы Қазақстанның 2000-нан астам азаматына өз территориясынан шығуға рұқсат берді», - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

Бұған дейін Айбек Смадияров АҚШ-тың сұранысымен ұсталған Қазақстанның 2 азаматы туралы пікір білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер