BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан тәуелсіздік жолында барлық қиындықтарды жеңіп шықты – профессор

Астана, BAQ.KZ. Босния мен Герцеговина астанасы Сараево қаласында босниялық тілде басылып шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті.

Қазақстанның Хорватияда, Босния мен Герцеговинада және Черногориядағы Елшілігінің ұйымдастырған іс-шарасына әлеуметтік-саяси, іскерлік және академиялық топтардың өкілдері, дипломаттар мен журналистер, сондай-ақ студенттер мен жастар қатысты.

Тұсаукесерді ашқан Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы тәуелсіз Қазақстанның құрылуының барлық сатыларының іргелі және жан-жақты сипаттамасын, мемлекеттік реформалардың ауқымын және тереңдігін көрсетіп, Қазақстанның бірегей және сәтті даму моделін құрудағы ең күрделі міндеттерді еңсеру екенін атап өтті. Дипломат өзінің құрушысы және сәулетшісі болып табылатын Нұрсұлтан Назарбаев жазған тәуелсіздік шежіресі көптеген оқырмандарға қызығушылық туғызатынына сенім білдірді.

Басылымның аудармасын редакциялаған босниялық қоғам қайраткері, профессор Хильмия Байгорич «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының мазмұны мен Қазақстан Республикасының көшбасшысының қызметіне деген таңданысын жасыра алмады.

«Президент Н.Назарбаев күрделі тарихи дағдарыс кезеңінде жетекшілік еттіп, алайда, қыиндықтарға қарамастан, елдегі жағдайды түбегейлі өзгертетін кең ауқымды саяси және экономикалық реформаларды бастап, оларды табысты жүзеге асырды», - деп атап өтті ол.

Қазақстан көшбасшысының ең маңызды ізгілігінің бірі ретінде, ғалымның айтуынша, оның ел тағдыры мен халқына байланысты жауапкершілігі.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың және оған үлкен сенім артқан қазақстандықтардың арқасында, Қазақстан тәуелсіздік жолында барлық қиындықтарды жеңіп шықты, көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтап қалды», - деп профессор өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар, кітапті жарыққа шығаруға ат салысқан Қазақстан Республикасының Босниядағы Құрметті консулы Амель Диздаревичте Қазақстанның көшбасшысының жаңа мемлекеттің құрылысына қосқан тарихи үлесін жоғары бағалады. Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершіліктің барлық ауыртпалығын өзіне алып, қазақ хандығының негізін қалаушылары Жәнібек пен Керей секілді Қазақстан халқын жарқын болашаққа ширақ қадаммен бастады. Қазақстан көшбасшысы қазақ халқының жаңа тарихының авторы ретінде, ХХ-ХХІ ғасырдағы ең көрнекті әлемдік саяси көшбасшылардың бірі және «Тәуелсіздік дәуірінің» кітабын жариялауға қатысқаны үшін мақтан тұтатынын, сонымен бірге, Қазақстанда тұрған кезінде өмірдің жеке әсерлері мен елдегі болған ауқымды өзгерістерін терең түсінгені туралы баяндады.

Босния және Герцеговина Тұңғыш Президенті Музейінде өткен «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасында кең көлемде резонансқа ие болды. Қазақстан Елшілігі кітаптың сыйлық басылымдарын Босния және Герцеговинадағы қоғамдық және университеттік кітапханаларына жолдайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер