BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Түрікменстан ратификациялау грамоталарымен алмасты

Фото: ҚР СІМ

Ақтау қаласындағы Каспий саммиті алаңында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталарымен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, тиісті хаттамаға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

«Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа 2017 жылдың 18 сәуірінде Астанада президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы тең құқылық, өзара сенім және жан-жақты ынтымақтастық негізінде стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды қазақстандық-түркімен ынтымақтастығының әлеуеті мен өзекті қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңа деңгейге шығарады», - делінген хабарламада.

Аталған Шарт өзінің ережелеріне сәйкес үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер