BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Ресейдің Свердловы арасындағы тауар айналымы миллиард доллардан асты

Астана, BAQ.KZ. Екатеринбургте қазақстандық өндірушілердің екі күндік сауда-экономикалық миссиясы өтті.

Ресейлік серіктестермен бұрғылау жабдықтарын, электр қозғалтқыштарын, трансформаторлық қосалқы станцияларды және JAC маркалы автомобильдерді өндірушілер, фармацевтика, сирек металдарды, жылу оқшаулағыш материалдарды өндірушілер, сондай-ақ макарон, кондитерлік өнімдерді, сүт өнімдерін, тұз, жартылай фабрикаттарды, шай мен дәмдеуіштерді өндіретін қазақстандық компаниялардың өкілдері кездесті, деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы.

Сауда миссиясының басты мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен қазақстандық кәсіпорындарға арналған әлеуетті сатып алушылардың арасындағы тікелей байланыстарды реттеу, сауда қатынастарын белсендіру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу.

«Біздің елдерімізді көптеген салалардағы ежелден келе жатқан іскерлік қатынастарымыз байланыстырады әрі өзара мүдделілік одан әрі ұлғая түсуде. Отандық кәсіпорындардың осындай іс-шараларға белсене қатысулары мен екіжақты ынтымақтастыққа зор қызығушылық білдірулері қуантады. Біздің міндетіміз – интеграциялық мүмкіндіктерді нығайту бөлігінде кәсіпкерлік қоғамдастыққа барынша көмектесу», - деп атап өтті Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Дулат Омаров.

Өзінің құттықтау сөзінде Ресей Федерациясының Свердлов облысы бойынша Қазақстан Республикасы сауда өкілдігінің уәкілі Александр Цыганков Урал округіне бизнесті дамытуға келген қазақстандық кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

«Біздің округіміздің аумағында жылына кем дегенде бір рет қазақстандық бизнес-миссиялар өткізіліп тұрады. Қазақстан мен Свердлов облысының арасындағы тауар айналымы миллиард АҚШ долларынан асып түседі», - деп атап айтты ол.

Миссияны ұйымдастырушылар Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер