BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Польша терроризмге қарсы бірлескен шараларды талқылады

Фото: интернеттен

2018 жылдың қаңтарында Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі брифингі барысында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда қол жеткізген келісімдерді дамыту аясында 19 маусымда түрлі мемлекеттік органдардың басшыларын және іскер топтардың өкілдерін қамтитын ресми Польша делегациясы Астанаға келді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

21 маусымға дейін өтетін сапар шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясының отырысы, Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтті. Польша делегациясы осы күндері Астанада өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресіне қатысты.

Қауіпсіздік саласында да жемісті диалог болды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросының директоры Павел Солохпен кездесу барысында мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Тараптар жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті аспектілері, ағымдағы тәуекелдер, түрлі «шиеленіс нүктелердегі» жағдайдың дамуы бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер барысында Н.Ермекбаев екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде белсенді ынтымақтастығын атап өтті. Біздің еліміздің аймақтық қауіпсіздік құрылымдарының қызметіне, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуға көзқарастары белгіленді.

П.Солох Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде белсенді төрағалығын және Мемлекет басшысының жаһандық қауіпсіздік саласындағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалап, Қазақстанның бүкіл Орта Азия аймағының мүддесін қорғайтынын атап өтті.

Тараптар экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың бірлескен шараларын, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту болашағын, сондай-ақ Еуропа Одағы мен Орта Азиядағы жағдайларын егжей-тегжейлі талқылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер