BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Финляндия машина жасау саласында меморандумға қол қойды

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Финляндияға іс-сапары барысында машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

16 қазанда Қазақстанның Машина жасаушылар Одағы делегациясы басқарма төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты М.К.Пішембаевтың басқаруымен Финляндияның Хельсинки қаласында бизнес форумға қатысты. Бизнес сапар барысында Қазақстанның Машина жасаушылар Одағы Nokia компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы – Ристо Силасмамен кездесті, ол сонымен қатар Финляндия Федерациясының Салалық Технологиялар басқармасының төрағасы болып табылады.

Іс-шара барысында Финляндия Федерациясының Салалық Технологиялар басқармасының төрағасы Ристо Силасмамен Финляндия және Қазақстанның машина жасау саласын дамытуға бағытталған экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.

Меморандум Финляндия мен Қазақстан Республикасының машина жасау саласындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту және екі жақты қатынастарды кеңейтуге бағытталған.

Берілген меморандум бизнестің жаңа ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестік қатынастарды орнатуға, сонымен қатар Финляндия және Қазақстанның машина жасау және аралас өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар мен кәсіпкерлермен бірігіп жүзеге асырылатын тиімділігі жоғары инновациялық жобаларды іске асыруға жағдай жасайтын болады.

Анықтама үшін: Финляндияның машина жасау саласы мемлекеттің технологиялық өнеркәсіптің маңызды құраушы бөлігі ретінде көлемі бойынша сала өндірісін, сол сияқты көліктік және көтергіш көлік жабдықтарының, орман, химиялық, металлургиялық және тау кен-өндіру өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісін біріктіреді. Саладағы инвестициялар соңғы уақытта жылына 600 млн евроға дейін жетті және берілген соманың жартысынан көбі ғылыми-зерттеу әзірлемелерге инвестициялар құрайды. Машина жасау саласында шамамен 130 мың адам жұмыспен қамтылған (Финляндия экономикасындағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 28,5%). Берілген саладағы жұмыс орындар саны онымен қоса 2001 жылдан бастап жыл сайын шамамен 1-1,5%-ға төмендеп келеді.

Ристо Силасма F-Secure Corporation (бұрын Data Fellows) Финляндия Хельсинки қаласында орналасқан вирустардан қорғау және компьютерлік қауіпсіздік үшін арналған бағдарлама жасақтамасы бойынша компаниясының төрағасы, негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры болып табылады. Ол сонымен қатар F-Secure ірі акционері болып табылады, компанияның шамамен 40% иеленеді. 2012 жылдан бастап Nokia директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

2018 жылдың қазанында Ристо Силасма Nokia туралы Transforming Nokia: Аса көп өзгерістер арқылы жүретін параноидалды оптимизм күші атты кітап шығарды.

ҚР машина жасаушылар одағы 414-тен астам кәсіпорындарды, 9 салалық қауымдастықтарды біріктіреді және оның барлық Қазақстан бойынша 14 өңірлік өкілдері бар. Оның мақсаттары – отандық машина жасау саласын дамыту және отандық машина жасау кәсіпорындарды шоғырландыру.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер