BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан ешкімге қасақана тексеру жүргізбейді - СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияров брифингі барысында Алматы қаласының Халықаралық әуежайында Қазақстанның құзыретті органдарының Қырғызстан азаматтарына қарсы әрекеттерін тексеру туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қырғыз дипломаттары назар аударған Алматы қаласының халықаралық әуежайында орын алған Қырғызстан азаматтарына қатысты Қазақстанның құзыретті органдарының тексеру іс-шараларына барлық жағдайларды түсіндіру мақсатында еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Алматыда арнайы жұмыс кездесуін өткізген.

"Іс-шара барысында мүдделі ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында бақылау-өткізу пунктерінде өткізу тәртібін жетілдіру мәселелері, Шекара қызметі қызметкерлерінің негізсіз іс-әрекеттеріне жол бермеу жөнінде мәселелер талқыланып, ол үшін оған арнайы қызметтік тексеру басталды" - дейді СІМ ресми өкілі.

Оның айтуына қарағанда, келешекте қажетті рәсімдерді жүзеге асыру кезінде түрлі түсінбеушіліктерді болдырмау мақсатында, объективті бақылау шаралар кешені және тиісті ведомствоаралық комиссияны құруды қоса алғанда бұзушылықтарға жылдам әрекет ету жүзеге асырылады. Бұған қоса, көзделген шаралар мемлекеттік шекарадан өту уақытын минимумға дейін азайтады.

"Жалпы алғанда, қазақстандық тарап әлемдегі кез-келген елдің азаматтарына қасақана тексеру жүргізбейтінін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы бақылау пункттерінен өту барлық рәсімдері жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетінін растаймыз" - деді А. Смадияров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер