BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әбдіқалықова Франция елшісімен кездесті

Фото: liter.kz

Астана, BAQ.KZ. Дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 26 жыл болған Қазақстан мен Франция ынтымақтастықтың берік архитектурасын қалыптастырды. Биыл елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Г.Әбдіқалықова білім саласында мемлекеттеріміздің өзара ықпалдастығы кеңейіп келе жатқанына тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанынан «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылғанын атап өтті. Биылғы оқу жылында Францияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы келісім аясында Францияның жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 66 қазақстандық білім алушыға (57 магистрант және 9 докторант) Қазақстан тарапынан стипендия бөлу қарастырылған.

Әңгімелесу барысында білім беру саласында басталған бастамаларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан-Франция ынтымақтастығын одан әрі нығайту ісінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ф.Мартинэге мол табыс тіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер