Дəурен Абаев: Астана декларациясы - Ислам əлемін дамыту жолындағы маңызды қадам - Саясат|21 Қыркүйек 2017, 21:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дəурен Абаев: Астана декларациясы - Ислам əлемін дамыту жолындағы маңызды қадам

Бүгін ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында сұқбат берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Елордада Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммиті өтті. Əлемнің 83 елінің делигациясын Астанада жинап, саммит өткізу - мықты мемлекеттердің өзіне қиын міндет. Бұл жерде барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың үлкен біріккен жұмысы керек. Менің ойымша, бұл саммит маңызы бойынша ОБСЕ саммитінен де асып түседі. Асып түспесе де, одан еш кем түспейді. Себебі, ОБСЕ елдері экономикалық даму жəне саяси көзқарасы бойынша бір-бірімен тең. Ал бүкіл Ислам əлемін бір жерде, елордада жинау Мемлекет басшысының беделінің арқасында мүмкін болды", - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, 83 делегацияның 15-ін мемлекет басшылары басқарып келді.

"Сондықтан бұл өте маңызды шара болды. Ислам əлемінің елдері алуан түрлі. Тым бай жəне өте кедей мемлекеттер де кездеседі. Солардың барлығын бір алаңда жинауға үлкен ұйымдастыру жұмысы қажет болды деп ойлаймын", - деді Абаев. Министр

ИЫҰ-да Елбасы ұсынған "Ғылым. Инновациялар жəне Ислам əлемін жаңғырту" тақырыбы қозғалғанын айтты.

"Астанада қабылданған декларация - бүкіл Ислам əлемін дамыту жолындағы маңызды қадам деп ойлаймын", - деп ойын түйіндеді Дəурен Абаев.

Естеріңізде болса, министр осы бағдарлама барысында Елбасы мен Трамп арасындағы телефон арқылы сөйлесуге де өз көзқарасын білдірген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер