BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Батыс Сахарадағы референдум миссиясында жүрген қазақстандық үш әскери қызметкер елге оралады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомствоның баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

Ресми өкіл БҰҰ Батыс Сахарадағы референдум жөніндегі миссиясында Қазақстанның 5 әскери қызметкері бар екенін айтты.

«29 қазанда БҰҰ Нью-Йорк қаласындағы штаб пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шеңберінде Қазақстанның қатысуымен бірқатар маңызды іс-шара өтеді. Олардың ішінде БҰҰ ҚК Батыс Сахарадағы референдум өткізу жөніндегі БҰҰ миссиясының мандатын ұзарту жөнінегі шешім жобасын қабылдау. Айта кетерлігі, қазіргі таңда ҚР Қарулы күштерінің 5 қызметкері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы референдум жөніндегі миссиясында қызмет атқарып келеді», - деді ол.

Айтуынша, үш қызметкер елге ротациямен ауыстырылады.

«2018 жылдың соңына дейін үш офицерді ротация негізінде ауыстыру жоспарлануда. Оның ішінде бір әйел әскери қызметкер бар. БҰҰ біздің елімізге ҚР Қарулы Күштерінің әскери сарбаздары есебінен Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының алтыншы бос лауазымымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Сириядағы гуманитарлық жағдай жөніндегі консультациялар және Палестина мәселесін қоса алғанда Таяу Шығыстағы брифинг пен Судан және оңтүстік Судандағы ахуал бойынша консультацияларды атап өтуге болады», - деп мәлімдеді ресми өкіл.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер